"KPSP" жобалау институты – Қазақстан Республикасындағы жетекші инжинирингтік компаниялардың бірі, ребрендингке дейін Қарағанды Промстройпроект Институты ретінде белгілі болды. Компания ТМД аумағында 1959 жылдан бастап ірі өнеркәсіптік және азаматтық объектілерді салуға қатысып, жобалаудың айрықша тәжірибелеріне ие болды.
 Стратегияны іске асыру шеңберінде компания қызметі EPC (Engineering, Procurement and Construction) келісім-шарттарының моделі бойынша орындауға көшуге бағытталған, өйткені  тапсырысты "кілтке дейін"  орындау мүмкіндігі серіктестер мен тапсырыс берушілерге  аса тартымды әрі ыңғайлы.
 
«KPSP» (Қарағанды Промстройпроект институты) мыналарға мүше болып табылады:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Жобалаушылар Ассоциациясы
  • Қазақстан Құрылысшылар Союзы
  • "ӨРҰ " Свердлов облыстық Жобалаушылар Ассоциациясы


 «Өскемен араматура өндірістік зауыты» АҚ-  Қазақстандағы Құбыр арматурасы мен мұнай кәсібі қондырғыларын өндіру бойынша ең ірі машина жасаушы кәсіпорындардың бірі. Зауыт өз жұмысын 2013 жылдың қаңтар айында бастады.
 
Кәсіпорын өнімін қолдану салалары:

  • мұнайгазөндіру өнеркәсібі
  • магистральді мұнай және газ құбырлары
  • сорғы станциялары мен резервуарлық парктері технологиялық схемасы
  • энергетикалық кешен
  • сумен жабдықтау және т. б.

 Кәсіпорынның мақсаты - құбыр арматурасы және сағалық жабдықтары импортын алмастыру, Қазақстандық нарықта бағдарлануы мен оның сапалы өніммен қамтамасыз етілуі.
«Өскемен араматура өндірістік заводы» АҚ-  Қазақстандағы «Broen» белгісінің ресми өкілі болып табылады. Зауыт құлыптау және реттеуші арматураларын (Broen Ballomax шарлы крандар) жылу және сумен жабдықтау, газ тарату, жайландыру, салқындату және өнеркәсіптікке арнайы «Broen»компаниясының қатысуымен әрі бақылауымен   өндіреді.


ЕРС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРМЕН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН
БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
 
«Eurasia Engineering & Construction» ЖШС - бұл технологиялық процестерді автоматтандыру мен құрылысты кілтке дейін, сондай-ақ жеке тәртіппен, жобалау саласы бойынша толық қызметтер топтамасын ұсынатын заманауи инжинирингтік компания.
 
«Eurasia Engineering & Construction» ЖШС "KPSP" ("Институт Карагандинский Промстройпроект" ЖШС) және итальяндық құрылыс компаниясы "Sicim S. p.A." сияқты ірі компаниялармен құрылды.


"NOVATECH Corporation" компаниясы қызметінің негізгі бағыты - күрделі жобалар бойынша жоғары технологиялық жабдықты жинақтау және жеткізу, салынып және пайдаланылып жатқан өнеркәсіптік сектор нысандарына арналған техника мен материалдарды тиімді басқару.

  • Жабдықтарды таңдау, жеткізу және қолдану бойынша кәсіби кеңестер.
  • Жеткізілген тауардың жоғары сапасы: Қазақстанға жоғары технологиялық жабдықтарды әлемдік жетекші өндірушілердің сауда үйлері импорттайды
  • Орнату және іске қосу жұмыстары: мамандардың көпжылғы тәжірибесімен жабдықтарды білікті орнату
  • Логистикалық қызметтер: жабдықтарды тасымалдау мәселелерін шешу бойынша кешенді және тиімді тәсіл.
  • Кепілді және сервистік қызмет көрсету: жеткізілетін және орнатылған жабдықтардың кепілдік мерзімі бар, сондай-ақ жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін  кепілдік кезеңінде де, одан кейін де қолдау бойынша сервистік қызметтер кешені.


"SecureTech Corporation" компаниясы 2016 жылы толыққанды инжинирингтік холдингінің стратегиясын құру аясында «INTESSA» тобының құрамына кірді.  Қазіргі кезде компания қазақстандық нарықты қарқынды игеруде, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартудағы маңызды роль атқаратын мемлекеттік-жеке меншік әріптестікте инновациялық жобалар енгізуде.