Күдіктілерді сәйкестендіру


БЕЙНЕАҒЫННАН ІЗДЕУДЕГІ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕЗЕТТІК СӘЙКЕСТЕНДІРУ

Адамдардың бет-әлпетін лезде анықтау мен сәйкестендіру мақсатында бейненің талдауы көптеген салаларда қолданылуы мүмкін, әсіресе, ішкі істер органдарының қылмыстық тергеулеріне тиімді.
Бейне бақылау камерасының ағыны бойынша іздеудегі адамдардың мониторингі мен мезеттік сәйкестендіруі – қауіпсіздік қызметі мен тергеу органдары үшін ең күрделі міндет. Morpho Argus өнімімен– жұмыс бірнеше есе жылдам, оңай және тиімді орындалады.
Morpho Argus – адамдардың бет-әлпетін және олардың жеке басын бейне жазудан анықтау мақсатында немесе нақты уақыт ішінде бейнені талдауға арналған бағдарламалық өнім. Morpho Argus екі жұмыс режимін қолдайды:

  • Жүйе деректер базасыннан берілген тізімге сәйкес белгілі бір тұлғаны іздейді . Қауіпсіздік қызметінің немесе жүйедегі басқа да сарапшылардың дереу ден қоюы үшін жөнелтілуі мүмкін сәйкестіктерді анықтау кезінде  жүйе сигнал береді. Сәйкестендірілген суреттер, сондай-ақ, жасалған суреттер оператордың жан-жақты зерттеуіне берілуі мүмкін.
  • Жүйе тұлғаларға деректер базасын әрбір бақылаудағы нысанның  орналасу тарихымен құруы мүмкін.  Тұлғаның бірегей ерекшеліктері өндіріледі және үлгі ретінде деректер базасында сақталады. Адамды табу фактісін анықтау үшін,берілген уақыт аралығында  тергеуге қызықты орында адамның суреті  қолда бар онлайн үлгілерімен салыстырылады. Салыстыру нәтижесінде оператор талданып жатқан адамға және  өзінің ең жақын анатомиялық ерекшеліктеріне қарай базада бар адамдар тізімін алады.

Morpho Argus екі жұмыс режимін бір мезгілде қолдай алады. Morpho Argus бейнені бірден бірнеше IP-камераларымен бірлікте талдай алады. Жүйе орталықтандырылған бірыңғай деректер базасынан алынатын деректерді өңдейді және сақтайды. Жүйе сондай-ақ  мұндай бейнеағындағы көптеген тізімді бір мезгілде жүргізуді қолдайды.

БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ.

Қазіргі уақытта бейне бақылау жүйесі барлық өңірлерде қолданылады. Онда жинақталатын ақпараттар ақпараттың көптеген терабайтын құрайды. Жасалатын қылмыстар бейнебақылау камераларының көзіне түсіп қалған жағдайда, қажетті ақпаратты алу үшін оларды дереу, тез арада талдау талап етіледі.
MVI (Morpho video investigation) бағдарламалық өнімі бейнематериалдарды талдау алгоритмдерінің арқасында осындай ақпаратты іздеудің уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. MVI –қылмыстарды тергеудің тиімділігін арттыру үшін әзірленген бағдарламалық-аппараттық кешен. Кешен бақылау камераларымен, ұялы телефондар камераларымен, веб-камералармен  жазылған бейне деректерді өңдейді және операторлардың маңызы бар кадрларға ғана көңіл аударуына мүмкіндік бере отырып,  олардың операторларының қызығатын объектілерін (адамдар, қозғалыс, нөмірлік белгілер) атап өтеді.
MVI күдіктінің жүктелген фотосуреттері бойынша табуға, оның бейнежазбада  пайда болуы немесе бейнеде бір немесе бірнеше күдіктінің пайда болуын атап өтуге мүмкіндік береді. Бұл операторға күдіктінің қозғалыстарын қадағалауға және онымен қарым-қатынаста болған тұлғаларды, сондай-ақ оларды қозғалтуға және қадағалауға мүмкіндік береді.
Жүйе көлемі үлкен өңделмеген бейнемәліметтерді талдаудың таңғажайып қабілетін  ұсына отырып, бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерді тергеуді құқықтық тәртіпті қорғау  органдарына береді.
  
Жүйе бет-әлпетті биометриялық деректері бойынша топтастырып, тани алады.


MVI бет-әлпетті салыстыру бағдарламасымен жеткізіледі. Жүйеге жүктелген бейне немесе фотодан табылған кез-келген  кескіннің суреті бет-әлпетті салыстыру модуліне жазылады. Бұл деректер базасын пайдалана отырып, бір немесе одан да көп тұлғалармен сәйкестікті осы іс бойынша (бейнематериалдар іс бойынша топтастырылады) немесе күдікті адам бетінің одан да көп суреттерін(қажет болған жағдайда анықтау, немесе нақты іс тұрғысынан камера көзіне түсті  ме)табуға болады.