Жолдардағы қауіпсіздікті басқару


Жолдардағы трафиктің өсу жағдайында қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарына жауап ретінде SecureTech компаниясы Қазақстан үшін осы саладағы әлемдік көшбасшы Morpho компаниясынан MESTA FUSION эксклюзивті өнімін ұсынады.

Жаңа технологияларды үйлестіре отырып, әзірлеме бір мезгілде 8 жолақтың қозғалысын бақылауға қабілетті, рұқсат етілімі ең жоғары камералар мен көптеген мақсаттарды сүйемелдеуде білінбейтін радарлар шешімін біріктіреді. Білінбейтін технология дегеніміз  жолдың беткі қабатында ешқандай арнайы жабдықтар жасырылмағандықтан, орнатуға және техникалық қызмет көрсетуге шығындарды айтарлықтай азайтуды білдіреді. Бұл жабдықтың негізі кең сәуленің шегінде жүрген барлық автокөліктерді сүйемелдейтін және табатын радиолокациялық тетік болып табылады. Тетік сүйемелденетін автокөліктің әрқайсысы бойынша нақты уақыт ішінде төмендегі белгілерді тіркейді:

  • Жолдағы жағдай
  • Мезеттік жылдамдық
  • Диапазон
  • Бұрыш
  • Көлік класы (жеңіл машина / жүк машина)

Виртуалды жобаның арқасында бақылаудағы жол учаскесін, радардың жадында барын жүйе өзі автоматты түрде жылдамдықты шамадан тыс асырудан басқа да ереже бұзушылардың қатарын  анықтауға қабілетті.

Жол қозғалысының ережесін бұзу кезінде жүйе оны автоматты түрде жазып алады және дәлелдейтін түрлі түсті фотосын (автокөліктің артынан немесе алдынан) сақтайды. Өте жоғары рұқсаттағы фото(36 Мпикс), фотосуреттің сапасы автокөліктің нөмірлік белгісін күндізгі және түнгі уақытта, сондай-ақ ең қашықтағы жолақтан өте тамаша көрсетіп береді.

МЫСАЛЫ СОЛҒА БҰРЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕ БҰЗУ 
Радар автокөліктерді сүйемелдейді және табады. 1 виртуалды желі анықталады және үйлеседі. Автокөлік солға бұрылу үшін виртуалды желімен қиылысып, суретке түседі.  Солға бұрылу кезіндегі ереже бұзу жайында хабарлама былайша құрылады:

  • jpg-бейнесі
  • 1 XML файл
  • Ереже бұзудың 1 бейнежазбасы.

Бағдаршамның қызыл сигналынан өту кезінде, фотосурет автокөліктің артынан жасалады, ереже бұзған автокөлік және бағдаршамның қызыл сигналды статусы бұл ретте бір және сол бейнеде көрінеді.
Жол қиылысындағы бағдаршамның қызыл сигналын басқару жүйесімен тікелей байланысты, қызыл светке жүріп кеткен құқық бұзушыны «ұстауға» мүмкіндік бере отырып, бірнеше қызыл сигналдар фазасын Mesta Fusion шешімі басқарады.
 
Жүйе бағдаршамның қызыл светінен өтіп кетуді бақылау функцияларынан басқа да жылдамдық режимін сақтау, тыйым салынған жолаққа шығу, басып озуға тыйым салу, қашықтықты сақтамау, сондай-ақ мемлекеттік автокөліктердің тіркелген нөмірін анықтап, есептейді және тіркейді.


Нәтижесінде, екі негізгі функция радарлар деңгейінде жүзеге асырылады:

  • ЖҚЕ бұзушыларды сөзсіз автоматты түрде тіркеу.
  • Даусыз дәлелдемелер беру.
  • көлік құралының мемлекеттік тіркеудегі нөмірлік белгісін автоматты түрде тану және  криминалдық база бойынша тексеру.

Жүйенің орнатылу жолына байланысты мынадай құқық бұзушылықтар тіркеледі:

  • Қызыл светке өтіп кету;
  • көлік құралының(жеңіл/жүк)түріне қарай, соның ішінде жолақ бойынша жылдамдықты асыру;
  • тыйым салынған жолақтан өтіп кету;
  • тыйым салынған бұрылыс;
  • оң жақтан басып озу;
  • арақашықтықты сақтамау.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Радарлар қорғалған байланыс арқылы құқық бұзушылықтар туралы деректерді өңдеу орталығына қосылады. Орталық құқық бұзушылықтар бойынша деректерді сақтау, өңдеу, жабдықтың жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді. Жұмыс алгоритмі процессингтік орталық:

  • құқық бұзушылық туралы хабарламаны тіркеу
  • құқық бұзушыны сәйкестендіру (сыртқы деректер базасына қол жеткізу арқылы)
  • құқық бұзу туралы хабарламаны жазу және жіберу.

ҚЫЛМЫСТЫҚ КӨЛІКТІҢ АНЫҚТАЛУЫ

Мемлекеттік тіркеудегі нөмірлік белгілерді тану  радарлар деңгейінде жүзеге асырылады. Бұл іздеуде жүрген көлік құралын жедел түрде анықтау үшін жасалған. Радардың қолданылу аймағымен қиылысатын әрбір автомобильдің мемлекеттік нөмірі әрбір құрылғының жадында сақталатын қылмыстық көлік деректерінің базасы бойынша тексеріледі және тіркеледі. Радардың жанынан өткен қылмыстық КО анықталған кезде, хабарлама қалыптастырылып, ол автоматты түрде құқық бұзушылықтар туралы деректерді өңдеу орталығына жіберіледі. Қылмыстық ДБ өзектілігі белгіленген мерзімділікпен жүзеге асырылады.