Биометрия және қауіпсіз транзакция


Біздің серіктестеріміз Morpho компаниясының арқасында біз бүгін қаржы мекемелері үшін кең ауқымды, көп арналы биометриялық шешімдерді ұсынамыз. Биометрикалық идентификациялау технологиясы және Morpho компаниясының қуатты аутентификация алаңы банк секторына дамып жатқан әлемдегі сандық және мобильдік технологиялардың, сондай-ақ олардың клиенттерімен қатынастың тұрақты орнығуына кепілдік береді. Күнделікті операциялардан бастап, «Өз клиентіңді біл» сияқты бағдарламасын іске асырудан аяқтап, алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға біз ұсынып отырған өнімнің сенімді сәйкестендіру механизмі кепілдік береді.

Біз қаржы ұйымдарына көп арналы тәсілді құруға көмектесеміз. Қазіргі заманғы клиент операцияның өзі немесе қызметтер тек бір арнада іске асырылғанына қарамастан, қызмет көрсету туралы ақпаратты бір мезгілде әр түрлі арналардан алғанды қалайды.

Сондай-ақ, қазіргі заманғы клиент бір арна арқылы операцияны бастап, басқа арна арқылы аяқтауға мүмкіндік беретін деңгейде операцияларды іске асыруды тілейді.  Биометрикалық технологиялар арқасында, деректерді ,не болмаса қызметтерді, биометрикалық сәйкестендірудің қай түрін клиент таңдаса да, біз әрқашан толық шешімдер жинағын ұсынуға, қажеттілігіне қарай операцияларды барынша бейімдеуге дайынбыз.

СӘЙКЕСТЕНДІРІЛГЕН ДЕРЕКТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КЛИЕНТТЕРДІ ТІРКЕУ

Morpho компаниясының биометриялық өнімдері қаржы ұйымдары клиенттерінің  жеке басын куәландыруды тексеруге  пайдалану үшін ыңғайлы. Дербес деректер тікелей банкте ( немесе басқа қаржы мекемесінде), не клиенттің смартфонынан тікелей берілген болуы мүмкін. Кейінірек, клиентке транзакция жүргізу үшін жеке басын куәландыруды тексеруден өтуі қажет болған жағдайда оның смартфоны және биометрикалық деректері аутентификация үшін пайдаланылуы мүмкін.

АУТЕНТИФИКАЦИЯЛАУДАҒЫ БИОМЕТРИЯ

 Биометрикалық аутентификациялауды пайдалану алаңының арқасында, деректер берудің қандай арнасы қолданылғанына қарамастан, қандай да бір сервисті қолданғысы келуіне қарай банктік жүйе клиенттің жеке басын куәландыруды орнатуы мүмкін.
Қандай да бір сервисті пайдалану кезінде дербес қолтаңбаға арналған келісім-шартқа қол қоюды аутентификациялау үшін қолма-қол ақшаны банкоматтан шешер алдында немесе төлем алдында(есептеуге) биометрия бүкіл мәселенің дұрыстығын және қауіпсіздігін, пин-кодтарға байланысты мәселені, сонымен қатар аутентификацияның жүргізілу арнасына қарамастан клиентке арналған банктік қызметтерді пайдалануды жеңілдетеді.