Сәйкестендіруге арналған мобильді шешімдер


Мобильді терминалдар, әдетте, полицияларға адамның жеке басын сол жерде нақты уақыт режимінде анықтау үшін пайдаланылады. Сәйкестендіру саусақ іздері немесе бет-әлпетті тану технологиясын пайдалана отырып жүргізіледі. Құрылғы, сондай –ақ, қаржылық институттың тәжірибесінде корпоративтік сектор жұмысы үшін қолданылуы мүмкін.

MorphoCheck терминалы

MorphoCheck терминалы - адамның биометриялық деректері жайында ақпаратты қамтитын жаңа буын құжаттарын оқудың тасымалды құрылғысы. Шешім сәйкестендіру деректерін қамтитын құжаттардың көрсетуші адамның өзіне сәйкестігін тексеру мен оқуға мүмкіндік береді.  
 
Шағын және толығымен автономды MorphoCheck терминалының жұмысы шекаралық және көші-қон, кедендік бақылаудың  қауіпсіздік қызметтерінде тиімді қолданылады. Қолға ұсталатын терминал далалық жұмыстар үшін басқа да қосымша жабдығынсыз керемет үйлеседі.
 
Гаджет саусақ іздерін, сондай-ақ машиналық оқуға арналған төлқұжат иелерінің (MRZ) байланыспен және байланыссыз чиптер,  басқа да желілік штрихкод сияқты кодтау типтерін тануға арналған оқу құрылғысымен жабдықталған.


MorphoTablet тақтасы

 Қолданушылардың осал деректер мобильдік қосымшаларын пайдалануының артуына байланысты, жасалатын транзакциялардың қауіпсіздігі мен осы деректерді қорғау айрықша сынға айналады. Мобильділік қауіпсіздік операцияларын бұзбауы тиіс. Биометриядағы әлемдік көшбасшы -Morpho компаниясы-  бизнес-класының сенсорлық құрылғысы, биометрияны пайдаланушы (саусақ іздері + адамның бет -әлпеті) және мобильді операцияларды жүргізудегі криптографиялық функцияларға қатысты MorphoTablet тақтасын таныстырды..


Корпоративтік сектор
MorphoTablet – клиенттермен тікелей жұмыс істеу кезінде жаңа «ақылды» қосымшаларды іске асырудағы керемет шешім. Шешім клиенттің осал деректерінің құпиялылығы мен MorphoTablet көмегімен жасалатын транзакциялардың барлығын қорғауға кепілдік беруге қабілетті.
Барлық операцияларды тіркеу сәтінен бастап аяқталғанға дейін MorphoTablet бүгінгі күні "өз клиентіңді Біл" (Know Your Customer (KYC)) деп аталатын бизнес-процестің негізгі компоненті болуға қабілетті.


Мемлекеттік мекемелердегі халыққа арналған қосымша
MorphoTablet портативті тақтасы азаматтардың жеке басының деректерін тіркеуге арналған тамаша үйлесім. Жинақтаудың кірістірілген функциялары арқасында және байланыспен/байланыссыз смарт-картасының қолдауымен жұпта биометриялық деректерді талдау және NFC технологиясымен, MorphoTablet адамның сәйкестігін (дербес ID) (қашықтықтан немесе контактілі әдіспен) оңай белгілейді.

  • Сайлау: дауыстарды тіркеу
  • Денсаулықсақтау: науқастар мен мед.персоналды аутентификациялау, медициналық жазбалар жүргізу
  • Білімі: сәйкестендіргішті тексеру (дербес ID) студент (емтихан, онлайн оқыту).

Қоғамдық қауіпсіздік​​​​​​​
MorphoTablet полиция және құқық қорғау органдарының далалық жұмысы кезіндегі көптеген операцияларын жылдам аутентификациялау мен сәйкестендіру арқылы жеделдетуге, сыни ақпаратты тікелей қылмыс орнынан қауіпсіз беруге көмектеседі.

  • Қоғамдық құқықтық тәртіп: жеке куәліктерін, жүргізуші куәліктерін тексеру.
  • Қылмыстық тергеу:  оқиға орнынан айғақ фотосуреттерді беру және алу.
  • Жасырын тергеуді қашықтықтан жүргізу. Далалық жұмыс кезінде тікелей сол жерден күдіктілердің суретін және тексеру нәтижелерін дисплейден көру.
  • Әуежайдың қауіпсіздігі: қауіпсіздігі жоғары аймақтардағы  әуежай қызметкерінің сәйкестендіргіштерін тексеру (дербес ID)
  • Көлік: билет иегерінің сәйкестендіргішін (дербес ID) тексеру.
  • Қол жеткізуді бақылау: осал аймақтар мен ғимараттарды қорғау.